"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі"
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: – Әжелердің өмірлік тәжірибесін, салт-дәстүрді насихаттаудағы рөлін көрсету; – Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарға баулу; – Отбасылық тәрбиенің негізі саналатын әжелердің өнегелі істерін үлгі ету. Ата-аналар балалық шағын еске алып, әжесінің өнегелі үлгісін айтып, бала тәрбиесінде әженің алатын орны ерекше екендігін атап өтті.