19
қаңтар
2026
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі"
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
– Әжелердің өмірлік тәжірибесін, салт-дәстүрді насихаттаудағы рөлін көрсету;
– Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарға баулу;
– Отбасылық тәрбиенің негізі саналатын әжелердің өнегелі істерін үлгі ету.
Ата-аналар балалық шағын еске алып, әжесінің өнегелі үлгісін айтып, бала тәрбиесінде әженің алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Мектебімізде ата-ана, өнегелі әже Жантилесова Майра Байырқасымовна керемет ой бөлісіп, ата-аналардан кері байланыс алды.