РЕФЕРЕНДУМ » 43 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"43 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)56-03-44
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-03-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕФЕРЕНДУМ
11
наурыз
2026

РЕФЕРЕНДУМ

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстанның шетелдегі дауыс беру учаскелерінің саны қайта қаралды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеп, қауіпсіздік пен халықаралық жағдайды ескере отырып бірқатар учаскені жабу туралы шешім қабылданғанын айтты.
Оның айтуынша, бастапқы жоспар бойынша Қазақстан азаматтары үшін 62 елде 80 дауыс беру учаскесін ашу көзделген болатын. Алайда әлемдегі қақтығыстар мен кейбір өңірлердегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты бұл көрсеткіш өзгертілді.
Нәтижесінде, қазіргі таңда 54 мемлекетте 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Яғни қауіпсіздік жағдайына байланысты 10 елдегі 11 учаскенің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, шетелде дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың жалпы саны 14,2 мың адамды құрайды. Олардың барлығы тиісті елдердегі дипломатиялық өкілдіктер жанында ұйымдастырылған учаскелерде дауыс бере алады.
Бұған дейін қауіпсіздік және ұйымдастыру мәселелеріне байланысты Украина мен Эфиопияда дауыс беру учаскелері ашылмайтыны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Бұл саяси науқан елдегі маңызды мемлекеттік шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив