Ата-аналарға ОЖСБ туралы » 43 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"43 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)56-03-44
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-03-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға ОЖСБ туралы
03
қыркүйек
2018

Ата-аналарға ОЖСБ туралы

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмаларына өткізу
НҰСҚАУЛЫҒЫ



1. Бақылау өткізуге дайындық шаралары:
•    бақылауға қатысатын 4,9,11 сынып оқушыларының тізімін;
•    оқушылар саны мен орын санының сәйкестігін тексеру.

2. Бақылау кезінде:
•    оқушылардың оқулық, анықтамалық әдебиеттерді, калькуляторды, түзеткіш және т.б. көмек құралдарын пайдалануға;
•    Сынама тест аяқталғанша кабинеттен шығуға;
•    Сынама тест барысында өзара сөйлесуге, бір-бірінен көшіруге;
•    Сынама тест болып жатқан уақытта кабинетке бөгде адамдарға кіруге 
қатаң тыйым салынады.

3. Бақылауды ұйымдастыру: Материалдар таратылған соң оқушыларға оның толтырылуы мен боялуы туралы нұсқаулық өткізіліп, сұрақ-кітапшасы мұқабасының толық толтырылуы қадағаланады. Нұсқау аяқталып, оқушылар кітапшаны ашып, жауап беруге кіріскен кезде жұмыстың басталған уақыты мен аяқталуға тиіс уақыты хабарланып, тақтаға жазылады. Осы уақыттан бастап барлық сұрақтар мен түсіндірулер тоқтатылады.

4. 2018-2019 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.
Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.
Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;

әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген.
4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;
Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы:
- 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы;
- 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы.
9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;
2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде:
- берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 
20 тест тапсырмасы;
- берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс 
жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.
11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

Тест тапсырмаларының бағалануы:
бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;
бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;
бір қате жіберілсе – 1 балл;
екі немесе одан да көп қате – 0 балл.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив