«Жаңару күні»
№43 орта мектебінде ағымдағы жылдың 19 наурыз күні «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама онкүндігі жоспарына сәйкес «Жаңару күні» тақырыбында игі шара ұйымдастырылды. Аталған акция «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтіп, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар бірлесе отырып ағаш егу жұмыстарын жүргізді. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру. Игі бастама барысында мектеп ауласына көшеттер отырғызылып, табиғатқа