" Тоғызқұмалақ күні"
2024 жылдың сентябрь айының 9 жұлдызында " Тоғызқұмалақ күні" аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдай отырып Тараз қаласы №43 мектебінде 50 оқушы тоғызқұмалақ ойынын ойнады. Мақсаты- оқушыларды туған халқының әдет- ғұрпы мен дәстүрін зерделеуге ынтасын ояту,ұлттық спорт түрі - тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту,тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу .