---
8-март халықаралық аналар күніне орай іс-шара.
Бүгін мектебімізде келе жатқан 8-март халықаралық аналар күніне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен аналарға арналған кеш болды. Жоғары сынып оқушыларының мерекелік құттықтау кеші өтті. Сонымен қатар, мектебіздің ер азаматтары мектебіміздің ханымдары мен аруларына арналған ретро кеш ұйымдастырды. Ер азаматтарымыз әріптестеріне әдемі әзілдер мен әсем әуен, көтеріңкі көңіл сыйлай білді.