04
маусым
2025
"Күншуақ" жазғы лагерьде ұйымдастырылған Көгалдандыру тобы
2025 жылдың маусым айынан бастап 43 орта мектебі жанындағы "Күншуақ" жазғы лагерьде ұйымдастырылған Көгалдандыру тобы өз жұмысын бастады. Бұл топтың құрамына 8-сынып оқушылары тартылып, мектеп аумағын көгалдандыру, абаттандыру және табиғатты қорғау бағытында түрлі жұмыстар атқаруда.
Аталған іс-шара оқушылардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылған.