27
желтоқсан
2024
«Қош келдің,Жаңа жыл!»
№43 орта мектебімізде желтоқсан айының 26 күні 1-4 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру.
Мерекелік іс шараға мектебіміздің жас мамандары,Өзін-өзі басқару ұйымы мен Жас ұлан ұйымының мүшелері әр түрлі кейіпкерлердің киімдер киіп,Аяз ата,ақшақар образында Жаңа жылдың сыйлықтар үлестіріп, белсенділік танытты. Театрландырылған шоу көрсетіп,балалардың көңіл - күйін көтерді. Әр түрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке ат салысып, ән –билерін көрсетіп,өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз атамен Ақшақар оқушылардың көңілдерін көтерді.Жалпы үлкен дайындықпен ұйымдастырылған шырша кеші жоғары деңгейде өткізіліп,балалардың көңілінде мәңгі қалатындай болды