16
мамыр
2025
«Ерте жүктіліктің алдын алу. Қыздар тәрбиесі, қыз тазалығы»
2025 жылдың 16 мамыр күні Жастар орталығының психологы Р.Қайынбаева мен «Almaz Medical Group» медициналық орталығының гинекологы А. Жолшыбекова №43 орта мектептің 7-8 сынып жасөспірім қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын алу. Қыздар тәрбиесі, қыз тазалығы» тақырыбында дәріс оқып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізді. Іс-шара соңында мектептің психологы А. Джиргалбаева оқушы қыздармен психологиялық тренинг жүргізіп, қыздар белсене ат салысып, көтеріңкі көңіл-күй алып, бір-біріне деген жақсы тілектерін білдірді.