22
қараша
2022
2022 жылдың 17 қараша күні №43 орта мектебімізде жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы өтті.
2022 жылдың 17 қараша күні №43 орта мектебімізде жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы өтті. Жиынға келген қонақтар: Тараз қаласы ата —аналар комитетінің төрайымы Рысбаева Ғалия Орынбайқызы, мектебіміздің № 6 мобильді топ жетекшісі, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Кушербаев Жалғас Рысбекұлы, мобильді топ мүшесі Тараз әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Малшибекова Шолпан Жорабекқызы, Тараз қаласы «ALMAZ MEDIKAL GROUP» емханасының акушер —гениколог дәрігері Драмкулова Назерке Жексенбековна және Тараз қаласы ата — аналар комитетінің белсенді топ мүшесі № 43 орта мектебінің ата —аналар комитетінің төрайымы Жантлесова Майра Байырхасымовна. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1)«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» баяндамашы Кушербаев Жалғас Рысбекұлы. 2)«Қыз бала гигиенасы» және «Ерте жүктіліктің алдын» баяндамашы Драмкулова Назерке Жексенбековна. 3)«Болашақ ұрпақты мейіріммен тәрбиелейік» баяндамашы Жантлесова Майра Байырхасымовна. 4)«Мазасыз және агрессивті балалар қайдан қайдан шығады?» баяндамашы мектеп психологтары —Малимбаева Арай Ниязалиевна, Исмаилова Айгерим Кошкарбековна. Жиынды мектеп директоры Сегизбаева Раушан Жанасбековна ашып берді және де жалпы бала тәрбиесі мен құқық бұзушылық мәселелері талқыланды. Ата —аналар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып кері байланыс жасалынды.