13
желтоқсан
2024
"Мәңгілік алау"
№43 орта мектеп оқушылары мен
" Жас Ұлан " , " Өзін-өзі басқару ұйымдары желтоқсан айының 11 күні Тараз қаласы, " Т. Рыскулов саябағына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай " "Мәңгілік алау" монументтіне барып гүл шоқтарын қойды.
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.