18
қараша
2025
«Қыз өмірдің шуағы»
Қыз тәрбиесі – қоғам айнасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 29.08.2025 ж. №03-3803 хатына сәйкес,17 қараша 2025 жылы Тараз қаласы білім бөлімі № 43 орта мектебі мен Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қыз Жібек» қыздар клубының жұмысын насихаттау мақсатында «Қыз өмірдің шуағы» тақырыбында қалалық шара өтті.
Мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру, ұлттық құндылықтарды нығайту және жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.Шараға аталған білім беру ұйымдарының «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері және клуб жетекшілері қатысты. Аталған іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мергенбай Нұржан Мергенбайұлы; Республикалық 31-каналдың Жамбыл облысы меншікті тілшісі, Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және иригация университеті басқарма төрағасының баспасөз хатшысы Рақай Нұрадин Аллабергенұлы, № 43 орта мектеп қамқоршылық кеңес мүшесінің төрайымы және жазушы Жантилесова Майра Байырқасымовна арнайы шақырылды. Қатысушы қыздар «Парасат», «Нәзіктік», «Инабат» топтарына бөлініп, түрлі тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті. Келген қонақтар қазақ қызының болмысы, инабаттылық, тәрбиелілік туралы тағылымды кеңестер беріп, жас қыздарға бағыт-бағдар ұсынды.
Ұлт болашағы – тәрбиелі қыздан. Қоғам айнасы – қыз әдебі.