16
шілде
2026
Кожагельдиева Улжан Алмасовна
Кожагельдиева Улжан Алмасовна Тараз қаласының білім бөлімінің 23.06.2026 жылғы бұйрығының негізінде Кожагельдиева Улжан Алмасовна «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына барлық құжаттарға қол қою құқығымен тағайындалды.
Кожагельдиева Улжан Алмасовна 1983 жылы дүниеге келген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымында бастаған.
2019-2024 жылдар аралығында аталған гимназияда директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмысын жалғастырды.
2024-2025 жылдары Тараз қаласы «125 EDUCATION» ЖШС мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары; 2025 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Білімі: жоғары
Біліктілік санаты: «Педагог-шебер»
Басшының біліктілік санаты: I санатты басшы орынбасары
Жалпы педагогикалық және кәсіби еңбек өтілі: 22 жыл.
Басқарушылық қызметтегі еңбек өтілі: 7 жыл.