01
маусым
2026
«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №43 орта мектебінде «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламалар, қызықты ойындар, көңілді эстафеталар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері мерекенің басты көркіне айналды.
«Күншуақ» жазғы лагері оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды, қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлаған мерекелік күн жазғы демалыстың жарқын бастамасы болды.