14
наурыз
2026
«Жүректен жүрекке»
№43 орта мектебінде Наурызнама онкүндігі жоспары аясында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қоғамдағы өзара көмек пен қолдау мәдениетін насихаттау.
Акция барысында мектеп ұжымы мен оқушылар мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында азық-түлік акциясын ұйымдастырып, қолдау білдірді. Мектеп ұжымы шараға белсенді қатысып, өздерінің мейірім мен жанашырлыққа толы жүректерін көрсетті.
Қайырымдылық – қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Осындай игі бастамалар жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке және жауапкершілікке тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.
Аталған акция Наурыз мерекесінің ізгілік пен жаңару идеясын насихаттай отырып, мектеп оқушылары арасында өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.