05
наурыз
2026
«Ананың аялы алақаны» атты челлендж
№43 орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 3-сынып оқушылары Шабыт жобасы аясында «Ананың аялы алақаны» атты челлендж түсірді.
Челлендждің мақсаты – аналарға деген құрмет пен алғысты білдіру, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу. Оқушылар өз аналарына арнап жылы лебіздерін айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Балалардың шынайы ықыласы мен аналарға деген сүйіспеншілігі бұл челленджде ерекше көрініс тапты. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар оқушыларды мейірімділікке, сыйластыққа және ата-ананы құрметтеуге тәрбиелейді.