27
желтоқсан
2025
ЕББҚЕ бар оқушыларды арнайы жаңа жыл мерекесімен құттықтау
№ 43 орта мектебінің директоры Раушан Жанасбекқызы үйде оқытылатын, ЕББҚЕ бар оқушыларды арнайы жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, үйде оқытылатын балалардың ата-аналарын да жаңа жылмен құттықтап, әрбір баланың үнемі қолдауға ие болатынын атап өтті. Директор үйде оқытылатын оқушылардың қоғамнан шет қалмай, мектеп өмірімен тығыз байланыста болуына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.