23
қаңтар
2026
«Дара бала – Дана бала» жобасы
№43 орта мектебімізде дәстүрлі «Дара бала – Дана бала» жобасы жүректерге шаттық сыйлап, жоғары деңгейде өз мәресіне жетті .
Бұл рухани-танымдық шара – білім мен өнерді, талант пен талапты тоғыстырған нағыз мерекеге айналды.
Сахна төрінде әр бала өз болмысын, дара дарынын паш етті. Білімге құштарлық, өнерге сүйіспеншілік, ізденіс пен еңбек – бәрі осы жобада айқын көрінді. Жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болып, еңбектері жоғары бағаланды.
Халықаралық және республикалық сайыстардың жүлдегері,
4 «Ә» сынып оқушысы Талғат Алуа дара дарынымен ерекшеленіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол арнайы «Дара бала» статуэткасымен, сыйлықтармен марапатталды.
Бастауыш сыныптар:
1-орынды 3 «Ә» сыныптың «Қыздар тобы» үнді биінің нәзік иірімдерімен баураса,
2-орынды 3 «В» сынып оқушысы Сарсенбек Лимара мен 3 «Б» сынып оқушысы Байсұнқұл Еркежан мың бұралған биімен иеленді.
3-орын «Жас математик» 4 «А» сынып оқушысы Жәнібек Балаусаға,
ал «Жас әдебиеттанушы» 4 «Ә» сынып оқушысы Сансызбай Олжасқа бұйырды.
5–11 сыныптар арасында:
1-орынды 8 «Б» сынып оқушысы Мансұр Аяулым иеленіп, М. Мақатаевтың 30 өлеңін жатқа оқып, көрерменді тәнті етті.
2-орын «Жас зерттеуші-химик» 9 «А» сынып оқушысы Сарсенбаева Назерке
және 5 «Ә» сыныбының «Достық» тобына бұйырды.
3-орын Абайдың 45 қара сөзін жаттап жүрген 7 «Ә» сынып оқушысы Жұманғали Арайлым
мен 7 «В» сыныбының «Цветочные феи» тобына табысталды.
Барлық жеңімпаздар сыйлықтар мен дипломдарға ие болса, қатысқан оқушыларда алғыс хатпен марапатталды.
Шараның көркін арттырған сәттердің бірі – мектептің өнерлі, креативті ұстаздары ұсынған «Абай ауылында» театрланған көрініс болды.
3-сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз», ал 4-орыс сыныбы «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде хормен орындады.
8 «А» сынып оқушылары мен Ғазиза Жұмаділдақызы мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты әсем әнмен жеткізсе,
2 «Б» сынып оқушылары «Қуыршақпын мен» биімен көрермен көңілін жаулады.Ата-аналарда келіп, ат салысып, іс-шараның көркіне көрік қосты.Балалардың бойында ата-аналарының қолдауына деген ілтипат , жетекшілеріне деген құрмет, өзіне деген сенімділік ,көздерінде ұшқын атқан нұр болды.
Дара бала – мектеп мақтанышы, дана бала – ел болашағы!