20
қазан
2025
“Жас Ұлан” “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау
№43 орта мектебінде 20.10.2025ж күні “Жас Ұлан” “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Бұл рәсім – оқушының азаматтық жауапкершілігін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді.
Ұйымға қабылдану – оқушы үшін үлкен мақтаныш, тәртіп пен белсенділікке жетелейді.
Мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүйетін, білімге құштар, тәртіпті, белсенді тұлға етіп тәрбиелеу. Қоғамға пайдасын тигізетін, ел болашағына үлес қосатын азамат қалыптастыру.
Ұйым туралы қысқаша:
- “Жас Қыран”– бастауыш сынып (2-сынып) Ұйымға Қабылданған оқушы саны 80 оқушы қабылданды.