Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі
2020 жылдың 24 январьында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №43 орта мектебінде ерлікпен қаза тапқан мектеп оқушысы Үмбеталиев Бекзат Қанатбекұлының құрметіне «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында еске алу салтанатты жиыны өткізіліп, мобильді кітапхана ашылды. Жиынға ата-анасы, қалалық білім бөлімінен қонақтар қатысты. Еске алу салтанатты жиыны «Салауатты жастар - қуатты ұлттың кепілі» атты спартакиадамен жалғасын тапты.