Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.
21.11 - 26.11.2022 күндері аралығында армрестлинг спортынан Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан, Япония, Индия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерінен 500 ге жуық спортшылар қатысты. № 43 орта мектебіміздің 10"В" сынып оқушысы Сыдыкжан Малена осы чемпионатта алтын, күміс, қола медальдарын ұтып алып, Азия кубогын иеленіп, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.