07
октябрь
2025
ҰСТАЗЫМ
ҰСТАЗЫМ
Ұстазым мың алғыс өзіңе!
Жәутеңдеп қарадым көзіңе.
Анашым жетектеп әкелген,
Болашақ басталды мектептен.
Ұсынып әліппе қолыма,
Мол бақыт тіледің жолыма.
Досым да сен болдың анам да,
Үйреткен білімің санамда.
"А" әрпі « Ана» деп дәріптер,
Анадан басталды әріптер,
Ғылымға айналды жан-жақты,
Ұстазым үйреткен алғашқы.
Ең алғаш отырып, партаға,
Таң қалып, қарадым тақтаға,
Ақ бормен жазылған сүйкімді,
Әріптер не деген сиқырлы!.
Ғажайып сыры бар күйге ендім,
Жазуды, оқуды үйрендім.
Үйрендім қосуды, алуды,
Ұқыпты, тәртіпті болуды.
Ұстаздар күнімен бүгінгі,
Құттықтап берейін гүлімді.
Шәкірттік жүрекпен тілейін,
Жоғары болсын деп мерейің.
Авторы: №43 орта мектебінің ата-анасы, қамқоршылық кеңес төрайымы, балалар жазушысы Жантилесова Майра Байырқасымовна.
Ұстазым мың алғыс өзіңе!
Жәутеңдеп қарадым көзіңе.
Анашым жетектеп әкелген,
Болашақ басталды мектептен.
Ұсынып әліппе қолыма,
Мол бақыт тіледің жолыма.
Досым да сен болдың анам да,
Үйреткен білімің санамда.
"А" әрпі « Ана» деп дәріптер,
Анадан басталды әріптер,
Ғылымға айналды жан-жақты,
Ұстазым үйреткен алғашқы.
Ең алғаш отырып, партаға,
Таң қалып, қарадым тақтаға,
Ақ бормен жазылған сүйкімді,
Әріптер не деген сиқырлы!.
Ғажайып сыры бар күйге ендім,
Жазуды, оқуды үйрендім.
Үйрендім қосуды, алуды,
Ұқыпты, тәртіпті болуды.
Ұстаздар күнімен бүгінгі,
Құттықтап берейін гүлімді.
Шәкірттік жүрекпен тілейін,
Жоғары болсын деп мерейің.
Авторы: №43 орта мектебінің ата-анасы, қамқоршылық кеңес төрайымы, балалар жазушысы Жантилесова Майра Байырқасымовна.