«Ұланымыз Ұлы Елдің!» » 43 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №43"
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262)56-03-44
Бухгалтерия
+7(7262)56-03-44
Версия для
слабовидящих
» » «Ұланымыз Ұлы Елдің!»
18
октябрь
2024

«Ұланымыз Ұлы Елдің!»

№43 орта мектеп Тараз қаласы Рахимова №55 мәдениет октябрь айының 17-і күні ІІІ«Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасындағы қалалық форумына 2 «ә» сынып оқушысы Бахберген Мирас қатысты. Форум мақсаты:  өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру.
 Жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған және балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында Тараз қаласының білім бөлімі және оқушылар сарайының ұйымдастыруымен бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасында ІІІ «Ұланымыз ұлы елдің!» атты қалалық форумы өткізілді.
Бүгінгі салтанатты қабылдау рәсіміне оқу озаттарын, түрлі ғылыми олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын, мектеп белсенділерін, халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын Тараз қаласынан 30 жасұландықтар және 35 жас қырандықтар, барлығы 65 оқушы қабылданды.
Мерекелік іс-шара кереметтей бишілердің биінің орындалуымен бастау алып, марапаттау рәсімімен жалғасып, түрлі патриоттық әндермен және мектеп аға тәлімгерлерінің шығармашылық орындауымен өз жалғасын тапты.
Мерекеміздің құрметті қонақтары оқушыларды бүгінгі атаулы мерекемен құттықтап, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын белсенді оқушыларымызға «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» төсбелгісін және галстугын салтанатты түрде табыстады. Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Алиева Марина Гусейновна жасұландықтарды құттықтап, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытып, ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін аға тәлімгерлерді құрмет грамотасымен марапаттады.
Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға ең басты қажеттілік – жастардың ертеңіне деген сенім мен үміт. Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтар алдағы уақытта ел сенімін ақтайтыны сөзсіз .
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив