19
сентябрь
2024
Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі
Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің 2020 жылғы 2 июльдегі №494 бұйрығына сәйкес,«Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жер сілкінісі» тақырыбында мектепішілік бірыңғай сейсможаттығу екі ауысымда өтті.
Жаттығу өту барысында сабақ басталғаннан кейін ұзақ дабыл беріліп, оқушылар мен мектеп қызметкерлері тез арада мектепті босатып далаға шығарылды.
Жаттығу сабақ уақытында барлық оқушылардың қатысуымен өткізілді. «Жер сілкінісі» тақырыбында белгі берусіз тосын жағдай кезінде жаттығу орындалды. Ережеге сәйкес дабыл басталды деп белгі берілген кезде мұғалімдер «Эвакуация! Көшіру!» деп өз оқушыларын мектептің қауіпсіз жері футбол алаңына және мектеп алаңына алып шығарылды. Әр сыныптың топ басшылары АҚ штабының бастығына келіп қанша оқушы келмегені туралы баяндама берді.