Бос орынға конкурс жариялау!!! (педагог-психолог) » 43 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №43"
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262)56-03-44
Бухгалтерия
+7(7262)56-03-44
Версия для
слабовидящих
» » Бос орынға конкурс жариялау!!! (педагог-психолог)
25
сентябрь
2024

Бос орынға конкурс жариялау!!! (педагог-психолог)

1. Атқаратын қызметтері

Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:

1.1. Білім беру мекемесінде білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу;

1.2. Білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2. Лауазымдық міндеттері

Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:

1.1.Психологиялық үйірменің құрамын жинақтайды және білім беру мерзімі аяқталғанша оның сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

1.2. Білім алушыларды психологиялық бақылауды жүзеге асырады;

1.3.Психофизиологиялық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) психологиялық негізделген түрлерін, амалдарын және әдістерін қамтамасыз етеді;

1.4.Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

1.5. Білім бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

1.6.Сабақтардың жоспарларын және бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді;

1.7.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оларды дамытуға, тұрақты кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;

1.8.Дарынды, талантты білім алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді (деректемелер банкін қалыптастырады);

1.9.Арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар, әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;

1.10.Білім алушылардың көпшілік шараларға қатысуын ұйымдастырады;

1.11.Өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ білім беру мекемесінің оқытушылары мен білім алушыларына консультациялық көмек көрсетеді, белгіленген нысанда құжаттама жүргізеді;

1.12.0,1-4 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмысты ұйымдастырып, талдау жасайды;

1.13.Сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қоғану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналға міндетті тіркеумен білім алушыларға еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді;

1.14.Әрбір оқыс оқиға туралы мекеме әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шара қолданады;

1.15.Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады;

1.16. Білім беру мекемесінің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

1.17.Білім беру мекемесінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп нормаларын сақтайды.

Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар 2024 жылдың 26 сентябрь-04 октябрь аралығында Тараз қаласы, Алатау мөлтек ауданы №9 мекен жайында орналасқан №43 орта мектебінің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Контакты телефондары: 8 7262 56-03-44.
Электронды адресс:mektep43m@yandex.kz
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив