2023 жылдың 21 декабрь күні мектебіміздің әлеуметтік падагогы Ж.Д.Байназарова мен мектеп психологы А.Н.Малимбаева 10 – 11 сынып қыз балаларымен «ҚР – ның заңнамасындағы отбасы және неке мәселесі. Ерте мәжбүрлі некеге тұрудың алдын алу» тақырыбында кеңес беріп,дәріс өткізді. Мақсаты: Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу. Қыздардың білім деңгейін арттырып,ерте жастағы некеден келетін кесепаттар жөнінде,кәмелеттік жасқа жетпей жыныстық қатынасқа түсудің зияндары жайында жан – жақты ақпараттандыру.
Дәріске 10 – 11 сыныптар арасынан 73 қыз баласы қатысты. Қыздарымыздың бойына салт - дәстүрді дәріптеу мақсатында дәріс барысында "Мақал - мәтелдің жалғасын тап" әдісі қолданылып, қыздар мақал - мәтелді жалғастырып оған түсінік беріп, мән - мағынасын түсіндірді. Сондай - ақ қыздармен "Адам өз өмірінің суретшісі"тренингі жүргізілді.
Дәріс барысында мақсатта көзделген тақырыптарға толық тоқталып,қыздарға қоғамда орын алып жатқан жағдайларға және ерте жүктіліктің зияны туралы, кәмелеттік жасқа жетпей жыныстық қатынасқа түсудің кесапаттары туралы айтылды.
"Бес бармақ" әдісі арқылы дәрісті қорытындылап, қыздармен кері байланыс жасалды.
https://www.instagram.com/reel/C1Hc9LZsWYN/?igsh=NzBmMjdhZWRiYQ==
21
декабрь
2023