Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар және талантты да дарынды оқушылар!
✓43 орта мектебі барша оқушыларды шығармашылық пен ғылымды ұштастыратын ерекше жобаға — "Дара бала – Дана бала" байқауына қатысуға шақырады!

Егер сен:

әуезді ән айтсаң,

сахнада мың бұрала билесең,

қолөнердің шебері болсаң,

робототехникаға қызықсаң,

көркемсөз оқуға бейім болсаң,

биология немесе

жаратылыстану пәндеріне қызықсаң,

тарихи тағылымнан тағылым ала білсең,

өзге тілді еркін меңгерсең,

спортты сүйсең,

немесе актерлік қабілетіңмен көзге түскің келсе —
онда дәл осы жоба сен үшін!

Октябрь-ноябрь айларында өзің таңдаған бағыт бойынша 5 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріп, мектептің әлеуметтік желісінде
#дарабаладанабала хештегімен жарияла.

Ең үздіктері декабрь айында өтетін оффлайн кезеңге жолдама алып, “Дара бала – Дана бала” атануға мүмкіндік алады!

“Әр бала – жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!” — білікті ұстаз.
Біз сенің жарқырауыңды асыға күтеміз!


Жеңімпаздар арнайы статуэткамен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады!
Өз дарыныңды танытып, мектебіңнің мақтанышына айнал!