10
октябрь
2025
«Алтын сақа»
Мектебімізде математика пәні бойынша «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
3–4 сынып оқушылары 3 октябрь күні, ал 5–6 сынып оқушылары 10 октябрь күні өз білімдерін сынады.
Байқау барысында оқушылар тапқырлықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін танытып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. 
Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды! 
Барлық қатысушыларға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!