"Отбасы-тәрбиенің аясы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бүгін № 43 орта мектебінде "Отбасы-тәрбиенің аясы" тақырыбында 8 "А" сынып ата-аналарымен бірге дөңгелек үстел өткіздік. Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптардың ата-аналарымен дөңгелек үстел басындағы сұхбатта ата-аналарға арналған сауалдар мен тренингтер жүргізілді. Бала, мектеп, ата-ана осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ата-аналар белсене қатысып, кері байланыс жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.