ҰСТАЗЫМ
ҰСТАЗЫМ Ұстазым мың алғыс өзіңе! Жәутеңдеп қарадым көзіңе. Анашым жетектеп әкелген, Болашақ басталды мектептен. Ұсынып әліппе қолыма, Мол бақыт тіледің жолыма. Досым да сен болдың анам да, Үйреткен білімің санамда. "А" әрпі « Ана» деп дәріптер, Анадан басталды әріптер, Ғылымға айналды жан-жақты, Ұстазым үйреткен алғашқы. Ең алғаш отырып, партаға, Таң қалып, қарадым тақтаға, Ақ бормен жазылған сүйкімді, Әріптер не деген сиқырлы!. Ғажайып сыры бар күйге ендім, Жазуды, оқуды