16
қыркүйек
2025
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу»
2025 жылдың 16 қыркүйегінде №43 орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кең ауқымды түсіндіру-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп директоры Сегізбаева Р.Ж., Тараз қалалық Полиция басқармасының Қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Молдабаев Р., Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция инспекторы, полиция капитаны Рахы Қанат Қайратұлы, ҚПБ бөлім басшысы, полиция капитаны Курманалиев Е., мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Бекбосын Диас Саттарұлы, сондай-ақ мектептің психолог-педагогы Малимбаева Арай Ниязалықызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күндыбаева Раушан қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға «Мектептің ішкі тәртіп ережелері» мен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыптары бойынша мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты, тәжірибеге негізделген жауаптар алды. Әңгіме еркін форматта өткізіліп, оқушылар мен мамандар арасында тиімді кері байланыс орнады. Бұл шара оқушылардың заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, оқушыларға мектеп ережелерін сақтау, тәртіпке бағыну және өз әрекеттері үшін жауапты болу керектігі кеңінен түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға үлкен үлес қосады.