08
мамыр
2025
Ел мен ердің жеңісі" атты көрме
№43 орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай " Ел мен ердің жеңісі" атты көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрменің негізгі мақсаты — Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігін ұлықтап, олардың жанқиярлық күресін жас ұрпаққа үлгі ету. Сонымен қатар:
Тарихи жадымызды жаңғырту, Ұлы Отан соғысы мен елдің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің батырлығын дәріптеу;
Жастардың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Ел мен ердің бірлігінің маңызын түсіндіру, ұлттың тұтастығы мен ержүректілігі жайлы терең ой қалыптастыру;
Мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен жәдігерлер арқылы тарихи шындықты көрсету.
Бұл көрме – өткенге тағзым, ерлікке бас ию, болашаққа аманат.
Жауапты: Каримова А.А.
# біртұтас _