Бос орынға конкурс жариялау!!! Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары (1 ставка) тұрақты » 43 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"43 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)56-03-44
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-03-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау!!! Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары (1 ставка) тұрақты
14
ақпан
2025

Бос орынға конкурс жариялау!!! Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары (1 ставка) тұрақты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының 
білім бөлімінің  № 43 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                                      бос лауазым орнына 
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1. Білім бері мекеменің атауы:Жамбыл  облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің   № 43 орта мектебі » мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2. Мекен- жайы, телефон: 080000 Тараз,  Алатау,  № 9 үйі».  Тел: 8(7262) 56-05-44;            
 е-mail: mektep43m@yandex.kz
3. Лауазымы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 орын жалақысы 150000-180000 тенгеден бастап, біліктілігіне қарай.
 4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
5. Функционалдық міндеттері:   тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
       аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; 
       тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; 
      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
       ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;; 
      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
       туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; 
      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
       білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 
6. Ниет білдірген адам мына төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды: 
  1. 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды         есепке       алу     бойынша        толтырылған         жеке      іс   парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  1. психоневрологиялық ұйымнан анықтама(е-gov);
  2. наркологиялық ұйымнан анықтама(е-gov) ;
  3. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогтан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  4. ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
  5. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  6. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480.
      7. Бос лауазымды орының уақыты: тұрақты
Конкурсқа құжаттарды мына көрсетілген мекен жайға өткізіледі: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  Тараз қаласы білім бөлімінің № 43 орта мектебі» МКМ, Алатау, № 9 үй; анықтама үшін 8(7262) 56-05-44,
   8. Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жариялған күнінен бастап 7  жұмыс күн ішінде  17.02.2025ж. 25.02.2025ж. аралығы. 
   9. Үміткер кандидаттардың келіп түскен құжаттарды қарау мерзімі 26-28 ақпан, конкурстың өткізу күні 03.03.2025ж.
Үміткерлердің конкурсқа құжаттар қабылдау "Жұмысқа қабылдау модулі "(ҰБДҚ (НОБД) арқылы   қабылданады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив