2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша №43 орта мектебінің атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы » 43 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"43 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)56-03-44
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-03-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша №43 орта мектебінің атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы
28
желтоқсан
2023

2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша №43 орта мектебінің атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы

2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша №43 орта мектебінің атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы

Мектептің миссиясы:

Білім мен тәрбие беруде ұлттық дәстүр мен жаһандық тәжірибелерді үйлестіре отырып, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға қолайлы білім беру  ортасын ұйымдастыру арқылы жан-жақты білікті ұрпақ тәрбиелеу.

Педагогикалық  ұжымның тақырыбы: Білімнің тиімді технологияларын қолдану арқылы нәтижеге бағатталған оқыту негізінде білім сапасын арттыру.

Мақсаты:Білім берудің тиімді технологияларын оқу үрдісіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді және тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

Білім алушылар мен қызметкерлерге қауіпсіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдай жасалынған: сыртқы және ішкі дабыл  бейнебақылау камералары, дабыл түймесі, турникет, мамандандырылған күзетпен, ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнаулы пандуспен қамтамасыз етілген.

2023-2024 оқу жылының 2 - тоқсан қорытындысы бойынша мектепте 56 сынып комплектісі бар. 4 мектепалды даярлық тобы бар. Мектептегі бала саны – 1172  оқушыны құрайды, оның 577 оқушысы қыз балалар. Мектепалды даярлық сыныптарында – 64 оқушы білім алуда.

І ауысым бойынша барлығы 30 сынып комплектісі бар, 1,4  сыныптарда  - он екі сынып комплекті, оның төрт сыныбы – орыс тілінде, қалғаны қазақ сыныптары. Бастауыш блоктағы бала саны – 228 оқушы, орыс сыныптарындағы бала саны – 78  оқушы.

               5, 9,10,11 сыныптарда – 358 оқушы, 18 сынып комплектісі бар.  Жеті сынып – орыс тілінде, қалған сыныптар қазақ сыныптары. Орыс сыныптарындағы бала саны –122  оқушы. Барлық 1 ауысым бойынша бала саны – 587 оқушыны құрайды.

              ІІ ауысым бойынша барлығы 26 сынып комплектісі бар, 2,3  сыныптарда  - тоғыз сынып комплекті, оның үш сыныбы – орыс тілінде, қалғаны қазақ сыныптары. Бастауыш блоктағы бала саны – 193 оқушы, орыс сыныптарындағы бала саны – 70 оқушы.

               6,7,8 сыныптарда – 392 оқушы, 17 сынып комплектісі бар. Жеті сынып – орыс тілінде, қалған сыныптар қазақ сыныптары. Барлық 2 ауысым бойынша бала саны – 585 оқушыны құрайды.

Қыркүйек айынан бастап 1-4 сынып арасында тегін ыстық тамақпен 417 қамтылып, 5-11 сынып арасында 164 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Мектеп кітапханасы қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, электронды оқулықтар мен көркем әдебиетпен, 1-11 сыныптар арасында оқушылар 100 % оқулықтармен қамтылған.

2023-2024 оқу жылында мектепте 117 мұғалім қызмет атқарды, 115  жоғары білімді мамандар, 2 арнаулы ортапедагогтар мамандығы бойынша жұмыс істеді.

 3 педагог-шебер, 37 педагог-зерттеуші, 27 педагог-сарапшы, 38 педагог-модератор, 1 екінші санатты, 11 санаты жоқ қызметкер. Педагог-зерттеуші мен жоғары, педагог-сарапшы мен бірінші санатты мұғалімдердің үлесі – 57,2 %-ды құрады.

№43 орта мектепте  магистр ғылыми дәрежесі бар мұғалімдердің саны – 11.

2023-2024 оқу жылының І тоқсан білім сапасының есебі бойынша 54,5% болды.  ІІ тоқсан білім сапасының есебі бойынша 57,34% болды.


2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша 11 сыныптар бойынша  35 оқушы бітірді. ҰБТ-ді 27 оқушы тапсырды, грантқа – 10 оқушы түсті, орташа балл – 53,6% құрап отыр. 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері болды.

Жалпыға бірдей міндетті  білім берудің орындалуы«Мектепке жол» айырымдылық акциясының аясында «Мектепке жол» акциясы жүргізілді. Мектеп әімшілігі ,әдістемелік бірлестіктер, жеке демеушіліктер ұжым ішінен  қатысып, оқушыларға көмек көрсетілді. «Қайырымдылық» акциясы жыл бойы жүргізіледі.

Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық кабинет пен стоматологилық кабинет жұмыс жасайды.

Мектеп оқушылар мен ата-аналар үшін  психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетіліп отыр. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын жүргізуде. Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес  үштік одақ аясында түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер жүргізілуде. Қамқоршылық кеңес пен әкелер кеңесі өз жұмыстарын жоспарлы жүргізуді.

Жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кәмілеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдерімен, баланың заңды өкілдерімен, қамқоршылық кеңестермен тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде.

2023-2024 оқу жылындағы  І жартыжылдық бойынша  жетістік  көрсеткіштері:

Облыстық деңгейде-6 орын

Қалалық дейгейде-12 орын

Және қашықтықтан ұйымдастырылған (№514 бұйрықта тіркелген) байқаулардан-161 орын

Баспа беттеріне жарияланған мақалалар: 16 орын

Біліктілік арттыру курстарынан  өткен:11 педагог

Пән бойынша авторлық бағдарлама жазған:1 педагог

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен екі жүрделі орын иелендік.

1. Физика секциясынан 10 сынып оқушысы Қуанышқызы Айжан жүлделі 3 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Тасыбаева Балжан  

2. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясынан 9 сынып оқушысы Амангелді Демеужан жүлделі 3 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Еркебаева Ұлжамал

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен орын алған оқушыларымыз:                                                                                                     1. География пәні бойынша 10 сынып оқушысы Мырзашев Димаш жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы  Еркебаева Ұлжамал                                                                                                  2. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 сынып оқушысы Сураубекова Ақжан жүлделі ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Джаманбалаева Арай          

 3.Құқық негіздері пәні бойынша  11 сынып оқушысы Темір Еркежан жүлделі ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Рысбаева Дариха                                                                                                4.Орыс тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы Шабанова Екатерина жүлделі ІІІ орын иеленді, жетекшісі орыс тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Наумушкина Наталья                                                                                                     5. Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Жолдығұл Даниял жүлделі ІІІ орын иеленді. жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Рысбаева Дариха .                                                                                                                  

Әдістемелік бірлестіктер жоспарға сай айлықтарын өткізуде, І жартыжылдық бойынша 2 қалалық семинар-практикум өткізілді.

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігі «Заманауи  технологияларды  қолданудың         тиімділігі»- тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қалалық семинар- парактикум  2.Тарих бірлестігі"Тарих сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында семинар-практикум. өткізілді.


Алда келе жатқан 2024 жыл шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз үшін толағай табысты жыл болсын!!!


https://www.instagram.com/reel/C1W2e3lsTil/?igsh=MXY3cHRwbDFkeW45Mg==
https://www.facebook.com/share/p/2LoekVUyWLiMfYuf/?
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив