18
қазан
2023
Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастырумен "Заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі" тақырыбында
Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастырумен "Заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі" тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту. Семинар жұмысының жоспарына сәйкес мектеп директоры Р.Жанасбековна сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері А.Смағанбетова, А.Қосыбаева, Г.Бозтаева және Ш.Байдельдинова ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтердің ізденістері мен педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Мырзаева "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында PDCA циклдерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың дағдыларын арттыру жолдары" тақырыбында коучинг жүргізді. Семинарымыздың қорытынды бөлімінде М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері К.Боримбекова мен К.Акмурзаеваның ұйымдастырумен “Мен жастарға сенемін" тақырыбында әдеби поэзиялық кешпен жалғасты.















