22
тамыз
2022
«2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
Мектепішілік жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 22 тамыз күні «2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаулық хаты мектеп ұжымына ДӘҒІЖО Д.Тұрсынбаева түсіндіру жұмыстарын жасады. Әдістемелік нұсқау хаттың мақсаты - еліміздің білім беру ұйымдарына әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету. Әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бөлімдері мен ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жылының басты міндеттері талданды. Педагогтар қауымына алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде сенімді бағдар болады деп үміттенеміз.
