21
қараша
2025
« КҮЗ АРУЫ мен СҰЛТАНЫ 2025» мерекелік іс-шара
2025 жылдың 19 қараша күні №43 орта мектебінде аға тәлімгер Абдраймова М.А ұйымдастыруымен мәжіліс залында « КҮЗ АРУЫ мен СҰЛТАНЫ 2025» мерекелік іс-шара өтілді.
Мақсаты: « КҮЗ АРУЫ мен СҰЛТАНЫ 2025» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан екі жұп оқушыдан қатысты. Байкауымыз 4 кезең бойынша бағаланды. Мектеп ішінен әділқазылар құрылып әділ бағаларын берді. Нәтижесінде 7 «Б» сынып оқушылары Мансур Жания мен Асқар Нариман бас жүлде иеленді. 7 «Ә» Меңдібай Айерке мен Сейітұлы Темірлан I орын иеленді, 6 «А» Қуанышбек Айсана мен Жаңабек Нурадил , 6 «Ә» Естай Нұртас пен Суынтай Айзере II орын иеленді, 6 «В» Қылыш Рамазан мен Нұрлыбек Аяжан III орын иеленді 7 «Г» сынып Корнилова Анастасия мен Денисенко Артур үздік жұп номинациясымен марапатталды. Әр түрлі материалдардан тігілген көйлектерін көрсетті.Енді бір жұп өнер көрсетудан , ас мәзірлерімен алдарына жан салмады. Жеңістерің құтты болсын. Оқуда озат толағай табыстар тілейміз.