«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»
Хабарландыру! 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні қарсаңында елімізде дәстүрлі «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қалыптастыру, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және алдын алу шараларын күшейту.